+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

ШҚО-дағы алапат өртке қатысты күдікті ұсталды

2021 жылғы 11 мамыр 11:55
Бөлісіңіз:
ШҚО-дағы алапат өртке қатысты күдікті ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері алапат өртке қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да соңғы екі күнде 20 рет дала өртенген Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясының жанында өрт шықты Түркияда өртенген үйлердің барлығы қайта салынады

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше Риддер орман шаруашылығында шыққан тілсіз жаумен күресуге 300-ден астам полицей жұмылдырылған.

«ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша өңірдің тәртіп сақшылары оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, халыққа көмек көрсетіп жатыр. Құтқарушылармен бірге қызыл жалынды ауыздықтауға кірісіп, Лесхоз кентінің тұрғындарын эвакуациялауда», - делінген хабарламада.

Риддер қалалық Полиция бөлімінің жеке құрамы түгелдей күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Сондай-ақ өрт ошақтарында 40-қа жуық арнайы техника жұмыс істеуде.

«Қазіргі уақытта аталған өрт фактісі бойынша күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, 10 мамыр күні ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығында өрт шықты. Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам қаза тапты. Өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT