USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

ШҚО-дағы алапат өрт: 14 үй отқа оранды

2021 жылғы 10 мамыр 18:32
Бөлісіңіз:
ШҚО-дағы алапат өрт: 14 үй отқа оранды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы дала өртінің жалпы аумағы 310 гектарға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да демалыс күндері 13 өрт болды Семей көшелерін елік кезіп жүрген Кореяда зауыт ғимаратындағы алапат өртті кешеден бері сөндіре алмай жатыр

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер орман шаруашылығында шыққан қызыл жалынның беті қайтар емес. Желдің салдарынан өрт Лесхоз кентінің 14 үйіне тарап кеткен.

«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады. Өрт ошағында жеке құрамнан 100-ден астам адам мен 20 техника жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта жанып жатқан орман алаңы 310 гектарға жетіп отыр», - делінген хабарламада.

Жалынды ауыздықтау үшін көмекке 2 тікұшақ келіп, 12 500 текше метр су төккен.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да құтқарушылардың дала өртімен күресіп жатқандығын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT