ШҚО-дағы Абай музейіне Ақшоқыдан табылған көне Құран кітабы табысталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Абай музейіне Ақшоқыдан табылған Құран кітабы табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығына 1888-1889 жылдары Қазан қаласындағы баспадан жарық көрген Құран кітабы табысталды.

555 беттен тұратын Құран кітабы 1977 жылы Ақшоқыдағы қорым қабырғасынан табылған. Кітапты музей қорына техника ғылымдарының докторы, Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің доценті Бақдәулет Құмар әкеліп берді.

«Құран кітабын музей қорына бердім. Бұл Құран кітабы осыдан 1 ғасырдан астам уақыт бұрын Қазан қаласында жарық көрген. Оның тарихи құндылығы ерекше», - деді Бақдәулет Құмар.

Енді Құран кітабы Абай музейінің қорында сақталатын болады.

Талғатжан Мұхаметбекұлы


Соңғы жаңалықтар