ШҚО-дағы 9 мектеп апаттық жағдайда тұр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру мекемелерінде дәстүрлі форматта оқытуға көшу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутованың айтуынша, бүгінде 647 мектеп тексерілген. Оның ішінде 154 қалалық және 493 ауылдық мектеп бар.

«Өңір бойынша білім беру мекемелері ғимараттарының жағдайын тексеру барысында апаттық жағдайдағы 9 және үш ауысыммен оқытуға көшу қаупі бар 2 мектеп анықталды. Қазіргі уақытта облыс әкімдігінде аталған мәселені шешу бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Нақты айтқанда, апатты деп танылған мектептердің орнына жаңаларының құрылысы басталады», - дейді Зейнеп Махсутова.

Оның айтуынша, барлық мектептерде білім алушыларға медициналық қызметті денсаулық сақтау ұйымдары лицензия немесе шарт негізінде көрсетеді. Бүгінде 647 мектептің 410-ы (63,3%) медициналық қызмет көрсету лицензиясына ие.

Ал 223 білім ордасы денсаулық сақтау ұйымдарымен келісімшартқа отырған.


Соңғы жаңалықтар