ШҚО-дағы 60 мың экспонаты бар көрме шетелдіктерді қызықтырады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының 60 мың экспонаты бар «Ұлы дала алтыны» көрмесі Ұлыбританияның Лондон қаласындағы музейге қойылып, көптің қызығушылығын оятты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел тарихының жаңа беттерін ашатын көрме әлемдік ғылыми қоғамдастықтың үлкен қызығушылығын тудырған. Экспозиция Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау үшін қазір Лондондағы Фицуильям мұражайында ұсынылған. Бұл ШҚО-дағы археологиялық зерттеулердің өңірлік бағдарламасын іске асырудың арқасында мүмкін болып отыр.

«Бірнеше нысандардағы қазба жұмыстарына біздің белгілі археологтар ғана емес, ежелгі сақ дәуірінің мұрасына куә болуға ниеттенген басқа елдердің студенттері де қатысты. Табылған заттар металдарды өңдеу туралы білімдері бар және теңдессіз зергерлік шеберлікке ие болған көшпенділер өркениеті деңгейінің өте жоғары болғандығын аңғартады», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта тарих ғылымдарының докторлары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаев 3 томдық «Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуірі» және «Қазақстан тарихы» монографияларын шығарады.


Соңғы жаңалықтар