ШҚО-дағы 52 елді мекенде интернет жылдамдығы арттырылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы 52 елді мекенде интернет жылдамдығы жақсарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы мақсатта жергілікті бюджет есебінен 136,6 млн теңге бөлінген.

«Оқушылар үшін «Балапан» және «Ел арна» телеарналары арқылы сабақтар ұйымдастырылуда. Телесабақтардың өтетін уақытын күн сайын басқарманың әлеуметтік желілерінен көруге болады. 647 мектептің 271-і балаларды қашықтан оқытуда. Олар цифрлық білім платформаларымен қамтамасыз етілген. 225 мектеп Оnline mektep.kz платформасына қосылды. 42 мектеп Daryn.online.kz платформасында, 2 мамандандырылған мектеп Edupage.kz жүйесін қолдануда. Жалпы, платформалармен жұмыс істеу барысында ешқандай қиындықтар туындаған жоқ, - деді ШҚО Ақпараттық орталығында өткен онлайн брифинг барысында облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Оның айтуынша, алдағы уақытта ауылды жерлерде қашықтан оқыту форматын жеңілдету үшін 52 елді мекенде интернет жылдамдығы арттырылады.


Соңғы жаңалықтар