ШҚО-дағы 20 елді мекенде су басу қаупі жойылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы 20 елді мекенде су басу қаупі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділовтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында су тасқынына қарсы қолға алынған шаралардың іске асырылу барысы сөз етілді.

«Бүгінде аймақтағы қар жамылғысының биіктігі 7-ден 77 см-ге дейін жетеді. 2021-2023 жылдарға су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы шеңберінде жалпы сомасы 162 млн теңгеге 11 шара іске асырылған. Жалпы облыс бойынша 108 елді мекенді су басу қаупі бар. Қазір 20 ауылда су басу қаупі жойылып, 69-ы үшін барынша азайтылды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта көктемгі су тасқынына дайындық аясында аудандарда қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Каналдар мен арықтарды, су өткізу құрылыстары мен көпірлерді тазалау жұмыстары қолға алынған. 6 мың тонна инертті материал қоры, 85 мың дана ыдыс-қап дайындалды.

1 ақпаннан бастап өңір аумағында жоғары дайындық режимі енгізілді. Жеке құрамнан 3000 адам, 2 мың техника және 200 мотопомпа сақадай сай.


Соңғы жаңалықтар