ШҚО-да жылжымалы медициналық кешендер елді мекендерді аралайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жылжымалы медициналық кешендер елді мекендерді аралайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы жылжымалы медициналық кешендердің жұмысына 700 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.

«Автобус-емханалар сапалы медициналық көмекті шалғай ауылдардағы тұрғындар үшін қолжетімді етеді. Мамандар көліктермен елді мекендерді аралап, жұртшылыққа қажетті қызмет көрсетеді. Бұл кешендердің жұмыс кестесін ұйымдастыру облыстық Денсаулық сақтау басқармасының құзыретінде. Осы жылы азаматтарға 250-ден астам қызмет көрсетіліп, елді-мекендерді аралау жоспарланған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, жылжымалы медициналық кешендегі көмек учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз көрсетіле береді. Онда диагностикалық шаралар мен зертханалық тексерулер жүргізу үшін қажетті жабдықтар бар.


Соңғы жаңалықтар