ШҚО-да жылыту маусымы қарсаңында 17 мыңнан астам жер үй тексерілді

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жылыту маусымы қарсаңында 17 мыңнан астам жер үйге тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар жылыту маусымы қарсаңында пеш пайдаланатын жер үйлерге тексеру жүргізуде. Сондай-ақ олар халыққа пешті және электр құралдарын қолдану ережелері бойынша нұсқаулықтар беруде.

«Тексеру барысында 1802 үйден өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 1613 бұзушылық пешті, 573 электр жабдықтарын пайдаланумен байланысты болып отыр. Ал қалған 171 факті газ баллондарын сақтау мен пайдалану ережелерінің бұзылуына, эвакуациялық жолдарға қоқыстың, жем-шөптің қойылуына, үйлер арасындағы өртке қарсы аралықтардың болмауына қатысты», - делінген ақпаратта.

Жалпы бүгінгі таңда ТЖД мамандары 17 000-нан астам жер үйді тексерді. Алдағы жылыту маусымында үйлерге улы газды анықтайтын 2 мыңнан астам датчик орнатылмақ.


Соңғы жаңалықтар