+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

ШҚО-да жылына 4 мың тонна тауарлы балық өсіру көзделуде

2020 жылғы 19 қазан 22:28
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жылына 4 мың тонна тауарлы балық өсіру көзделуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2030 жылға қарай жыл сайын кем дегенде 4 мың тонна тауарлы балық өсіру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетаулықтар жергілікті өнімді делдалсыз сатып алатын болды ЕҮК отырысында қара және түсті металл қалдықтарын Қазақстан аумағынан шығару мәселесі қаралады

Биыл ҚР Үкіметінде балық шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Шығыс Қазақстанда табиғи-климаттық және географиялық жағдайларға сәйкес балық өнеркәсібін кеңейту бойынша жаңа жоба әзірленді. Жобаны іске асыру аясында 2030 жылға қарай жыл сайын кем дегенде 4 мың тонна тауарлы балық алу жоспарланып отыр

Бүгінде ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша су қоймалары мен кәсіпорындардың әлеуетін зерттеу мақсатында аймақ басшысының орынбасары Ержан Нұрбаев бастаған жұмыс тобы аудандарға шығуда. Жұмыс тобы бұған дейін Көкпекті және Күршім аудандарында болып, «Рыбпром» ЖШС, «Кузмич» ЖШС және төре «Тоғам» ЖШС балық өңдеу кәсіпорындарын аралады. Компанияларда балық экспорттық өнімдерінің кең ассортименті өндірілетін өз шикізаты бар.


Өңірде шабақтарды өндіру көлемі артып келеді. Ол үшін Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы өткен жылы 4,5 млн дана балық шабақтарын өсірді. Сондай-ақ Зайсан көлінің жағалауындағы балық аулайтын ауылдардың тұрғындарымен кездесу өткізілді. Ақсуат ауылында жергілікті балықшылар балық аулаудың бүгінгі ахуалы туралы хабардар етті, сондай-ақ балық шаруашылығын одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Тарбағатай ауданында су қоймалары мен кәсіпорындардың әлеуетін зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Сапар барысында ШҚО әкімінің орынбасары балық аулау және балық өңдеумен айналысатын «Байтоғас» ӘКК шаруашылығына барды. Мұнда балықтың 7 түрі кездеседі, жылдық лимит 810 тоннаны құрайды, ал өңделген өнім Қазақстан мен Ресейге жеткізіледі. Кәсіпорынның атқарушы директоры Болатхан Асылхановтың айтуынша, балық шаруашылығының болашағы – акваөсіру, яғни жасанды балық өсіру.


«Біз мұны уақытында түсіндік және 2018 жылы алғашқылардың бірі болып форель өсіруді бастадық. «Шығысуниверсал» ЖШС-мен ынтымақтастық орнатылған. Балық шаруашылығы субъектілерін дамытуға сәйкес біз жылына 50 тонна форель өсіреміз. Балық бөлшектеп өңделеді және Қазақстан бойынша, сондай-ақ Ресейдің Димитровград қаласында сатылады», - деді Болатхан Асылханов.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда бағалы балық түрлерін жасанды өсіру бағыты бойынша 3 жоба сәтті жүзеге асырылды. Екеуі форель өсірумен («Шығысуниверсал» ЖШС, «ГрандФиш» ЖШС), біреуі бекіре өсірумен айналысады («OstFish» ЖШС).

«ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда аквамәдениетті дамытуды тапсырды. Шығыс өңірінің бұл үшін әлеуеті зор, бізде көптеген өзендер мен көлдер бар. Сондықтан мүмкіндіктер мен проблемалық мәселелерді зерттеу үшін осындай сапарларды ұйымдастырамыз. Балықшылармен, қайта өңдеушілермен кездесеміз. Бізде Қарабұлақта бірегей зауыт бар. Біздің негізгі міндетіміз – оны іске қосу, шикізат болу үшін учаске беру, сонымен бірге зауытта квотасы бар балықшылармен бірлескен кооперация құруды ынталандыру», - деді Ержан Нұрбаев.

Оның айтуынша, қазір облыстың арнайы жоспары әзірленді. Жоспар аясында 2030 жылға қарай кем дегенде 4 мың тонна тауарлы балық, оның ішінде 3,6 мың тонна форель өсіру жоспарлануда.


«Өткен жылы өңірде 260 тонна форель мен 12 тонна бекіре өсірілді. Осы жылдың қорытындысы бойынша 300 тоннаға жуық форель және 20 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық болады. Жоспарды орындау үшін біз балық өсіретін торларды көбейтіп, бос жерлерді халыққа беруіміз керек. Бізде аквамәдениетті дамыту үшін барлық жағдай бар. Зайсан көлінің жағалауында үлкен сұранысқа ие табиғи балықтар кездеседі. Тұрғындардың да балық сатуда тәжірибесі мол. Біздің көксерке Дания, Германия, Латвия елдерінде сұранысқа ие. Бұл ретте өндірісте барлық стандарттар сақталады. Мен балық өнеркәсібін дамыту жөніндегі жоспарды табысты іске асыратынымызға сенімдімін. Тек кәсіпкерлерге қажетті қолдау көрсету керек», - деп түйіндеді Ержан Нұрбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT