+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

ШҚО-да жылына 10 тонна алтын өндіретін кәсіпорын іске қосылды

2018 жылғы 25 маусым 17:19
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жылына 10 тонна алтын өндіретін кәсіпорын іске қосылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның өнеркәсіп картасында жаңа алтын өндірісі пайда болды. 2014 жылы Ресейдің "Полиметалл" компаниясы аталмыш кен орнын игеруге инвестор ретінде тартылған болатын. Төрт жылдың ішінде Бақыршықтың алтынын игеру жобасы жасалып, кәсіпорынның цехтары мен жұмысшылар қалашығы бой көтерді. Кәсіпорынның ашылуына Шығыс Қазақстан обылысы әкімінің орынбасары Серік Ақтанов, "Полиметалл" АҚ бас директоры Виталий Несис қатысып, Әуезов кентінің тұрғындарын елеулі оқиғамен құттықтады.
nullnull

"Шығыс Қазақстан алтын, мыс және мырыш қоры бойынша елімізде бірінші орын алады. Жылдың алғашқы 5 айында металл өндірісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 85 пайызға артты. Бұл өзгеріске "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны өлшеусіз үлес қосты" - деді Серік Ақтанов.

Инвестордың айтуынша, Бақыршық кені құрылымы жөнінен аса күрделі түзілім саналады. Қазылған кеннің 10 тоннасынан 7,7 грамм алтын өңделеді деген есеп бар. Мұндағы таза алтын қоры 280 тонна деп бағаланған.
null

"Соңғы 50 жылда Бақыршық кенін игеруге көптеген компаниялар күш салған болатын. Соның ешбірі оның кілтін таба алмаған. Бұл кәсіпорынның ашылуы Әуезов кенті үшін ғана емес, бүкіл Жарма ауданы үшін тарихи оқиға. Қазір Әуезов кентінде жұмыссыздық деген атымен жоқ. Пәтер жалдау құны Астана қаласымен бірдей. Компания 4 жылда бюджетке 4,5 млрд теңге салық түсірді" - дейді Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов.

Кәсіпорын толық қуатына 2019 жылы шығады деп жоспарланған. Бұл кезде жылына 10 тонна алтын өндірілуі тиіс. Алғашқы 10 жылда кен ашық әдіспен өндірілсе, екінші кезеңде 20 жылдан астам уақыт бойы шахталық тәсілмен игерілмек.

Қазір кәсіпорында 990 адам жұмыс істеуде. Оның 40 пайызы Әуезов кенті мен іргедегі ауылдардан жасақталған. Жыл аяғына дейін жұмысшылар санын 1031 адамға жеткізу жоспарлануда.
nullnull

nullnull null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT