ШҚО-да жылқыға соғылған көлік жүргізуші ауруханаға түсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында көлік тізгіндеп келе жатып жылқыға соғылған елорда тұрғыны ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 659-шы шақырымында, Бесқарағай ауылының маңында болған.

Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны түнгі уақытта көлік тізгіндеп келе жатып, жолға атып шыққан жылқыға соғылды.

Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Аталған факті аудандық полиция бөлімінде тіркелген.

«Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жылқы иесін іздестіріп жатыр. Ол ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар