ШҚО-да жыл соңына дейін тағы 45 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың аяғына дейін тағы 45 мыңнан астам шығысқазақстандық атаулы әлеуметтік көмекке ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мәлімет облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде айтылды. Жалпы, аталмыш мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

«Алғашқы 5 айдың өзінде 47 мың адам атаулы көмекке ие болды. Аталмыш төлем екі тәсілмен беріліп жатыр. Жанұяда еңбекке жарамды адам бола тұра, негізсіз себептермен жұмыс істемесе, оларға атаулы әлеуметтік көмек 6 айға тағайындалады. 42 мың адам көмектің осындай түрін алып отыр. Оның ішінде 14,5 мың адам жұмысқа тұрғызылды. 6841 адамның жұмысы болса да, табысы өте төмен болуына байланысты 12 айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның 1300-і басқа жұмысқа ауысты», - дейді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Оның айтуынша, облыстық жұмыспен қамту орталығында 12 рет аналармен кездесу ұйымдастырылған.

«Биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан 1087 бала 9-11 сыныптарды аяқтап отыр. Өңір бойынша техникалық-кәсіптік колледжерде 6200 тегін орын қарастырылған. Сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік аясында 1730 орын бөлінген. Қазір осы мүмкіндікті пайдалануға ниетті отбасылардың тізімі жасалуда», - дейді әкімнің орынбасары.

Бұл мақсатқа бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар