ШҚО-да жыл соңына дейін 80-нен астам үй пайдалануға беріледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қала және аудан басшыларымен тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде өңірде бір қабатты тұрғын үй салуға бағытталған бағдарлама сәтті жүзеге асуда. Осы жылдың басынан бері 36,6 мың шаршы метрді құрайтын 382 пәтерлік 206 үй халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген.

Жыл соңына дейін тағы 145 пәтерлі 83 үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Барлық үйлерде толық әрлеу жұмыстары жүргізіліп, пластикалық терезелер қойылып, су және электр жүйелері тартылған.

«Жаңа жылға дейін 145 пәтерге кезекте тұрған көпбалалы және аз қамтылған отбасылар қоныстанады. Сондай-ақ салынып жатқан үйлердің сәулеттік келбетін жақсарту үшін жаңадан эскиздік жобалар әзірлеуді тапсырамын. Әкімдер мен Денсаулық сақтау басқармасы, әсіресе, шекаралық аймақтағы бұрынғы аудан орталықтарында екінші деңгейлі перзентхана ашу ісін ары қарай жалғастырулары тиіс. Алдағы жылы бұл бағытта қарқынды жұмыс атқарылмақ. Бұған қажетті қаражат толықтай бөлінеді», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Айта кету керек, 2021 жылы облыста тағы 705 бір қабатты тұрғын үй салу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар