+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

ШҚО-да жыл соңына дейін 600-ге жуық көпбалалы отбасы баспаналы болмақ

2020 жылғы 17 тамыз 18:02
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жыл соңына дейін 600-ге жуық көпбалалы отбасы баспаналы болмақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін 562 көпбалалы отбасының баспана мәселесі шешіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда жыл соңына дейін 55 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі «Нұрлы жер»: Батыс Қазақстанда 6 көпқабатты үй пайдалануға берілмек Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 386 үй ел игілігіне берілді

Шығыс Қазақстанда жыл сайын тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны азаюда. Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, жылына жүз мың шаршы метр үй пайдалануға берілуде.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 30 жылда бірінші рет Катонқарағай ауданында жеті көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Осы мақсатта 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, инвесторлар да тартылған. Нәтижесінде бірқатар көпбалалы жанұяның баспана мәселесі шешіледі. Құрылыс жұмыстары аясында жаңа жұмыс орындары да ашылмақ. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, жыл соңына дейін өңірдегі 562 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

«Жалпы, өңірдегі тұрғын үй құрылысы жыл сайын қарқынды жүргізілуде. Мердігерлердің жұмысына бақылау күшейтілді. Осы жылы 77 үй қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс 118 аумақта жүргізілуде. Бұл алты жарым мың пәтерді құрайды. Алдағы екі жылда 93 көпқабатты тұрғын үй салынбақ. Барлық қаржы көздерін тарту арқылы 2020-2021 жылдары бір миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтереді. Мұндай көрсеткіш ШҚО-да еліміз тәуелсіздік алғалы бері болмаған», - деп хабарлады облыстық Ақпарат орталығы.

Бұдан бөлек, халыққа Өскемен мен Семейдегі инженерлік-коммуналдық желілер тартылған аумақтарға да жеке тұрғын үйлер салуға рұқсат берілген. Осы мақсатта тұрғын үй кезегінде тұрған жандарға қолдау көрсетіліп жатыр. Өңірдегі екі ірі қалада «Бірқабатты Шығыс» жобасы жүзеге асырылуда. Отбасы тұрғын үйдің жобасына қиналмай, билік өкілдері ұсынған бірнеше жобаның біреуін таңдай алады. Бұл тұрғын үй кезегіндегілерді азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде өңірде жеке және көпқабатты тұрғын үйлер салуға барлық жағдай жасалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT