ШҚО-да жыл соңына дейін 14 үй пайдалануға берілмек
2020 жылғы 7 қазан 04:14

ШҚО-да жыл соңына дейін 14 үй пайдалануға берілмек

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында осы жылдың аяғына дейін 14 үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жайлы баяндады.

«Алпыс отбасы жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде көпбалалы жанұялар үшін 27 пәтер сатып алынды. Қазан айындағы жағдай бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде 1164 адам тұр, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан 945 адам бар», - деді ол.

Қазіргі уақытта жеке құрылыс компанияларының есебінен Алтай қаласында жаңа 14 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аудан әкімінің айтуынша, аталған үйлер жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

«Сондай-ақ, ауданда тағы бір 60 пәтерлі үйдің құрылысы жоспарлануда. Бұдан бөлек, Алтай қаласында екі үйдің (60 және 100 пәтер) және Серебрянск қаласында 60 пәтерлі үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген», - деді Қалихан Байғонысов.

Jańalyqtar

MURAǴAT