USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ШҚО-да жыл сайын 500-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болады

2020 жылғы 11 наурыз 16:09
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жыл сайын 500-ден астам көпбалалы отбасы баспаналы болады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын 500-ден астам көпбалалы жанұяға баспана берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде 20-дан астам көпқабатты үй салынуда Елорда әкімдігі биыл 5 көппәтерлі тұрғын үйді қолданысқа бермекші ШҚО-да инвесторлар есебінен 735 үй салынып жатыр

Облыс әкімдігінде өткен жиын барысында ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бауыржан Құдияров «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламалары бойынша ипотекалық несиелендіру жүйесі қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді. Өткен жылы өңірде жалпы аумағы 443 мың шаршы метрді құрайтын 40 көпқабатты тұрғын үй мен 54 жеке тұрғын үй пайдалануға берілген.

«Биыл облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысы екі есеге артады. Нәтижесінде өңірде жалпы аумағы 550 мың шаршы метрді құрайтын 76 көпқабатты тұрғын үй салынады. Бұл өз кезегінде тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына мүмкіндік бермек», - дейді басқарма басшысы.

Қазірде облыс бойынша 1847 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр. Соңғы бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш екі есеге артқан.

«2020 жылы 329 аз қамтылған көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлайды. Жоспар бойынша жыл сайын 550-600 көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек. Өңірде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға 314 көпбалалы жанұя өтініш білдірген. Оның ішінде 290-ы мақұлданған», - дейді Бауыржан Құдияров.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан республика көлемінде «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бесінші орында тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT