ШҚО-да жыл басынан темекінің кесірінен 9 рет өрт шыққан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында темекінің кесірінен пәтерде өрт шығып, 1958 жылғы ер адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 сәуірде Астана көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті.

«Белгілі болғандай, төртінші қабаттағы пәтер ішінде жиһазды қызыл жалын шарпыған. Көп ұзамай тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіруге 15 адам мен 5 техника жұмылдырылған», - делінген хабарламада.

Ауруханаға пәтер иесінің 1958 жылғы күйеуі жатқызылды. Өрттің шығуына – темекі шегу кезіндегі абайсыздық себеп болған.

Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстанда темекінің кесірінен 9 рет өрт болды.


Соңғы жаңалықтар