ШҚО-да жыл басынан бері тұрмыстық зорлыққа тап болған 84 әйелге уақытша баспана берілген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында 13-15 қараша аралығында республикалық акция өткізіліп жатыр.

«Жыл басынан бері ШҚО әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары уақытша баспана беру үшін 84 әйелді дағдарыс бөлімшелеріне жіберді, ал 1 854 әйел дағдарыс орталығының психологтарынан кеңес алды. Ел аумағында карантин шектеуінің енгізілуіне байланысты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдармен онлайн режимде кездесу өткізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Акция отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайтуға бағытталған. Өңірдің полиция қызметкерлері тұрғындарға 77-46-76 сенім телефоны арқылы тұрақты түрде түсіндіру жұмысын жүргізуде. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы мәселелерді түсіндіру және ақысыз кеңес беру мақсатында жедел желі (77-19-22, 8-771-44-511-44) іске қосылды. Сонымен қатар отбасы тыныштығын жиі бұзатын адамдар мен берекесіз отбасыларға тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар