ШҚО-да жыл басынан бері сауда нысандарында 17 өрт болды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері сауда нысандарында 17 өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданында өрт сөндірушілер Бунтовский көшесіндегі жеке тұрған дүкеннен шыққан қызыл жалынды ауыздықтады. Жалын шарпыған жалпы аудан 20 шаршы метрді құраған. Өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін.

«Жыл басынан бері облыстың сауда нысандарында 17 өрт болды. Департамент мамандарымен өрт-техникалық тексеру жүргізу кезінде 11 сауда объектісінде 50-ге жуық бұзушылық анықталған. Сол үшін 7 адам жауапқа тартылды», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Бұзушылықтар көбінесе – электр сымдарындағы ақауларға, электр жабдықтарының апаттық режиміне, өрт сөндіру құралдарының қажетті мөлшерде болмауына және автоматты өрт дабылының ақауына қатысты болып отыр.


Соңғы жаңалықтар