ШҚО-да жыл басынан бері пәтерде қамалып қалған 60-тан астам адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде пәтерде қамалып қалған 4 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есікті өздігінен аша алмаған ата-анасы құтқарушыларды шақырған.

«Өскемен қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшиінді сатының көмегімен екінші қабаттағы пәтер терезесіне кіріп, есікті ашты. Анықталғандай, қаршадай қыз әке-шешесі сыртқа шығып кеткенде есікті іштен құлыптап алған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары ата-аналарға қандай жағдай болмасын баланы жалғыз қалдырмай, барынша абай болу қажеттігін ескертеді.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері пәтерде қамалып қалған 60-тан астам адам құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар