ШҚО-да жыл басынан бері өрттен 21 адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері өрттен 21 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жыл басынан бері 89 өрт болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға келген өрт сөндірушілер 21 адамды құтқарып қалған. Көп жағдайда өрт жер үйлерде тіркелді. Жалынның шығу себептері: отты абайсыз пайдалану (50 жағдай), электр құралдарын қолдану кезінде (19) және пешті пайдаланғанда (15) қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

«Құтқарушылар өрттің алдын алу мақсатында күнделікті тұрғын үйлерді аралап шығады. Олар күніне орта есеппен 2500-ден астам үйге барып, қауіпсіздік шараларын түсіндіреді. Аулаларды аралап, қажетті ақпараттар жазылған жадынамаларды таратады. Бұл ретте, басты назар әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға аударылған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, көбінесе пеш пен электр жабдықтарының дұрыс орнатылмауы сынды бұзушылықтар анықталып жатады.


Соңғы жаңалықтар