ШҚО-да жыл басынан бері браконьерлер 6 мың келі балық аулаған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері браконьерлер 6 мың келі балық аулады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, табиғат қорғау полициясының қызметкерлері биыл балық ресурстарын сақтау мақсатында 320 рет рейд өткізген. Соның нәтижесінде 239 экологиялық құқық бұзушылық анықталды. Браконьерлерге қатысты 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, 229 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жыл басынан бері заңсыз ауланған 6 мың келі балық тәркіленген. Соның салдарынан мемлекетке 3 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілді. Соңғы 4 күн ішінде облыста балық ресурстарын заңсыз аулаудың 66 фактісі тіркелген. 64 адамға жалпы сомасы 1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Мәселен, 18 сәуірде «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 914 шақырымында патрульдік полиция ротасының инспекторлары полиция аға лейтенанты Тілеужан Лепесов пен полиция аға лейтенанты Думан Советханов патрульдеу кезінде «Chevrolet» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде тиісті рұқсат құжаттары жоқ 6 қап шортан балығы табылды. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 198 000 теңгені құрады. Семей қаласының 54 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 339-бабы және 389-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар