+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

ШҚО-да жыл басынан бері 70-тен астам көлік отқа оранған

2021 жылғы 17 мамыр 19:44
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жыл басынан бері 70-тен астам көлік отқа оранған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 70-тен астам көлік өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде есірткі тұтынып, рульге отырған банк қызметкері ұсталды Бельгияда мектеп құлап, алты адам қаза тапты Павлодарда 68 жастағы жүргізуші екі адамды қағып кетті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 17 мамырда сағат 12.26-да Риддер қаласы Самоквитова көшесінің бойындағы 2 қабатты тұрғын үйдің ауласында «Mercedes» маркалы автобус өртенген.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 25 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтап, оның ары қарай таралуына жол бермеді. Алдын ала мәлімет бойынша жалынның шығуына – отқа абайсыз пайдалану себеп болған.

«Жыл басынан бері өңір бойынша 70-тен астам көлік отқа оранған. Департамент құтқарушылары автокөлік иелеріне өрт шығуының алдын алуға болатындығы жайлы түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізуде. Машинаның техникалық жағдайын мұқият қадағалап, тексеруден уақтылы өткізу керек», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT