ШҚО-да жыл басынан бері 61 көлік өртенген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері 61 көлік өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 сәуір күні Семей қаласында жол бойында «Газель» маркалы автокөлік отқа оранған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде қызыл жалын мотор бөлшектерін, аспаптар панелін, салонды, доңғалақтар мен алдыңғы шиналарды шарпып жатты.

«Құтқарушылар жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады. Өрттің шығуына – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқару себеп болған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жыл басынан бері өңірде 61 автокөлік өртенген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,5 пайызға өсіп отыр.


Соңғы жаңалықтар