+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

ШҚО-да жыл басынан бері 56 адам иіс тип, көз жұмды

2021 жылғы 15 қыркүйек 00:34
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жыл басынан бері 56 адам иіс тип, көз жұмды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл иіс тиген 56 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда тау бөктерінде қураған шөп пен ағаш өртеніп жатыр Ақтау іргесіндегі қою қара түтін қала тұрғындарын алаңдатты Алматыдағы көпқабатты үйдегі өрт: Жалын 1500 шаршы метр аумақты шарпыды

Биылғы 8 айда өңір бойынша мыңға жуық өрт болған. Көп жағдайда тілсіз жау тұрғын үй секторында шықты. Өрт салдарынан 34 адам мерт болған. Құтқарушылардың мәліметінше, осы жылы иіс тиіп көз жұмғандар саны күрт өсіп кетті. Нақты айтқанда, былтыр 36 адам болса, биыл бұл көрсеткіш 56-ға жеткен.

«Сондықтан жер үйде тұратын азаматтарды барынша абай болуға шақырамыз. Себебі алда жылыту маусымы келе жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, бұл кезеңде өрт саны артады. Ақауы бар және ескі жылыту пештерін пайдалану және шамадан тыс жағу, әртүрлі тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданудың соңы қайғылы жағдайларға әкеліп соғады», - деді ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Серік Амангелдин.

Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бастап кетті. Облыс бойынша барлығы 238 110 тұрғын үй тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT