ШҚО-да жыл басынан бері 160 көлік өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 160 көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша әрбір алтыншы өрт автокөлікте тіркеледі. Жалпы осы жылдың басынан бері барлығы 160 көлік отқа оранған.

«Мәселен, Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі 2013 жылы шығарылған «HYNDAI Conti» маркалы автобустың мотор бөлігіндегі жанғыш бөлшектер өртенген. Қызыл жалынның жалпы ауданы 1 шаршы метрді құрады. Сондай-ақ Риддер қаласы Чапаев көшесінде 2002 жылы шыққан «Форд Маверик» маркалы автокөлікте қысқа тұйықталу болды. Абырой болғанда, өрт таралмай тұрып ауыздықталды», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына барынша абай болып, көлігін жиі тексертіп тұру қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар