ШҚО-да жыл басынан бері 10-нан астам пәтердің балконы өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2021 жылдың басынан бері 10-нан астам пәтердің балконы мен лоджиясын өрт шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жаз шыққанда тұрғын үйлердің балкондары мен лоджияларындағы өрт саны арта түседі. Тілсіз жаудың шығуына көбінесе отты абайсыз пайдалану себеп болады. Атап айтқанда, балалардың отпен ойнауы, сөндірілмеген темекі тұқылы, оның ішінде жоғары қабаттағы пәтер тұрғындары лақтырған шылым және электр жабдықтарының ақауы.

«Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері балкондар мен лоджияларда 10-нан астам өрт тіркелді. Сөндірілмеген темекі тұқылы жанғыш материал бетіне түскенде ол жер 30 минутта бықсып, жалын шығады. 18-20 секунд ішінде температурасы 600 градустан асатын сіріңке одан да қауіпті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД дерегінше, балкондағы өрттің алдын алу үшін отты пайдаланған кезде барынша абай болып, балконды ескі жиһазбен, макулатурамен және өртенетін басқа заттармен толтырмау қажет. Сондай-ақ пәтерден шыққан кезде балкон терезелері мен есіктерін әрдайым жауып, оның ішіне балалардың кіруіне жол бермеңіз.


Соңғы жаңалықтар