ШҚО-да жыл аяғына дейін 20 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтылады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгінде шалғайдағы ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамту мәселесі әлі де өзекті. ШҚО-да биыл бұл бағытта 139 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның 92-сі желтоқсан айының соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде, 20 мыңнан астам ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Жалпы, өңір халқының 90,5%-ы, 683 елді мекеннің 462-сі бүгінде орталықтандырылған таза ауыз суға қосылған. Жаңа жылға дейін 7 мыңға жуық халық тұратын 51 елді мекендерде блокты-модульді станциялар орнатылады. Қазіргі уақытта жоспарланған 585 шақырым құбыр желілерінің 476-сы тартылды.

«Облыстағы барлық ауылдар таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл алдағы үш жылға қойылған басты міндеттің бірі. Сондықтан, жоспарланған жобалардың барлығы өз мерзімінде орындалуы тиіс», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Айта кетейік, сумен қамтылу деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен төмен алты аудан үшін жалпы құны 13 млрд теңгеге қосымша 28 жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Келер жылы 126 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар