ШҚО-да жүзден аса кәсіпорын жұмысшыларына 1,2 млрд теңге қарыз болып қалған

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қызметкерлеріне жалақы төлемеген кәсіпорындардан 1,2 млрд теңге өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы ШҚО бойынша департаментінің мәліметке сүйенсек, биыл облыста азаматтардан 1543 өтініш түскен.

Оның 90 пайыздан астамы – жалақы төленбегеніне қатысты шағым.

«Әр арыз бойынша тиісті шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде 110 кәсіпорыннан 1,2 миллиард теңге өндірілді. Осылайша 3900-ден астам жұмысшының құқығы қорғалып отыр», - дейді департамент басшысы Бақытбек Қизатов.

Бүгінгі таңда банкроттық сатысында тұрған бір кәсіпорынның жұмысшыларға қарызы толық өтелмеген. Төленбеген жалақының қалдығы – 30 млн теңге.

«Тексеру нәтижесі бойынша жыл басынан бері облыс кәсіпорындарында еңбек заңнамасын бұзудың 2233 фактісі анықталды. 246 ұйғарым жасалып, 233 заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 45 миллион теңгені құрады», - дейді Б.Қизатов.


Соңғы жаңалықтар