ШҚО-да жүз бастан астам мал ұрлаған екі жігіт қолға түсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 19 рет мал ұрлаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінің 21 және 23 жастағы екі тұрғыны бірнеше ай бойы Семей қаласының аумағында мал ұрлығымен айналысқан.

Жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшыларды күдіктілерді қолға түсірді. Олардан ұрланған мал еті мен терісі, қылмыс жасаған кезде пайдаланған көліктері тәркіленді. Сондай-ақ, баукеспелерге етті сатуға көмектескендер де анықталған.

«Қазіргі уақытта күдіктілердің 100 бастан астам мал ұрланған 19 қылмысқа қатысы бар екендігі дәлелденіп отыр. Осыған орай ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар