ШҚО-да жүк көлігі он жасар қызды қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында он жасар қызды жүк көлігі қағып кеткен. Қыз ауыр жарақат алды, деп хабарлайды YК-news.kz.

Шемонаиха аудандық ІІБ жергілікті полициясы қызды қағып кеткен ГАЗ-53 автомобилі екенін анықтаған. Нұсқалардың біріне қарағанда, телефонда сөйлесіп келе жатқан қыз машинаны байқамай қалған. Оқиға орнында жаяу жүргіншілер өтетін жолақ жоқ. Куәгерлердің айтуынша, автомобиль баяу келе жатқан, бірақ тежеп үлгермеген.

Қыз «жедел жәрдеммен» аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақат алған қыз облыстық ауруханаға ауыстырылуы мүмкін. Полиция жүргізушінің қанынан спиртті ішімдіктердің белгілері табылмағанын мәлімдеді. Жол көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар