ШҚО-да жүк көлігі аударылып, 2 адам көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында отқа оранған жүк көлігінен 2 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 15 мамыр күні «Өскемен-Алтай» тасжолының 25 шақырымында «Вольво» маркалы жүк көлігі аударылып түскен.

Жол апатының салдарынан көлік шанағы жанған.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай жалпы ауданы 9 шаршы метрді құраған тілсіз жау ауыздықталды. Өртті өшіру кезінде 2 мәйіт табылған. Қаза болған азаматтардың жеке бастары анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізілмек.

Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 15 адам мен 5 техника жұмылдырылған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 15 құтқарушы жер үйдегі өртті сөндіргенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар