ШҚО-да жүк көлігі 15 жастағы қызды қағып, мерт қылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасы ШҚО Глубокое ауданы Быструха ауылында болған, деп хабарлайды YK-news.kz.

«27 қыркүйекте сағат 21:00-де 41 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі кәмелеттік жасқа толмаған қызды қағып кетті. Бойжеткен есін жимастан, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар