ШҚО-да ЖРВИ-мен ауырғандар саны бір жарым есеге артты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ-мен ауырғандар саны 1 жарым есеге артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жіті риспираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар саны көбейген. 1 қазаннан бері 5227 шығысқазақстандық ЖРВИ жұқтырды.

«Жіті риспираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны биыл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты. Ауырғандардың жартысы – 14 жасқа дейінгі балалар», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жыл басынан бері аталмыш инфекцияның ауыр түрін жұқтырғандар немесе ЖРВИ-ден көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Естеріңізге сала кетсек , осыған дейін Қазақстанда ЖРВИ мен тұмауға қарсы қандай вакциналар бар екендігі хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар