ШҚО-да жөндеу жұмыстары барысында «Семей Водоканал» қызметкері қаза болды
2020 жылғы 16 мамыр 22:48

ШҚО-да жөндеу жұмыстары барысында «Семей Водоканал» қызметкері қаза болды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Семей Водоканал» қызметкері тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 мамыр күні түс кезінде Семей жедел-құтқару жасағына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Семей водоканал» қызметкерлерінің құдықтан шыға алмай қалғандары туралы хабар түскен. Құтқарушылар оқиға орнына 5 минуттың ішінде жетті.

«Бір жұмысшы өздігінен шығып көмек шақырған. Құтқарушылар екінші адамның сыртқа шығуына көмектесті. Ал есінен айырылған үшінші қызметкер іште қалып қалған. Құдық суға толып бара жатқандықтан тез қимылдау қажет болды. Газтұтқыш киген құтқарушылар баспалдақпен түсіп оны 3-4 минуттың ішінде алып шыққан. Бірден сол жерге жәдел жәрдем де келіп жетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Медицина қызметкерлері 20 минут бойы зардап шеккен адамның өмірін ажалдан арашалап қалуға тырысты. Өкінішке қарай, 1990 жылғы азаматты аман алып қалу мүмкін болмады. Әзірге оның нақты неден көз жұмғаны анықталған жоқ.

Jańalyqtar

MURAǴAT