+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ШҚО-да жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылған көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілді

2021 жылғы 21 қыркүйек 17:34
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылған көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жолдан ұшып кетіп, ағашқа соғылған көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында бірнеше көлік апаты болды, көз жұмғандар бар Алматы облысындағы балабақшада 4 жасар бала көз жұмды Ішегі қата күліп отырған: Павлодарда автобус жүргізушісі есірткі қабылдап алған

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 21 қыркүйекте таңғы сағат 03.00 шамасында республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясы шекарасы» тасжолының 29-шақырымында болған.

«Toyota RAV-4» маркалы автокөлікті тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші Предгорный елді мекенінен Глубокое ауылына қарай келе жатты. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген ол рульге ие бола алмай қалды. Соның салдарынан көлік жолдан ұшып кетіп ағашқа соғылған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апатынан дене жарақатын алған ер адам Глубокое ауылындағы ауруханаға жеткізілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT