ШҚО-да жол жөндеу саласында 125 заңбұзушылық анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жол жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру мақсатында 41 рейд жүргізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мен Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталық мамандары жолдардың жөнделу сапасын бақылауда.

«2020 жылы «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында арнайы мониторингтік топ мүшелері 41 рет рейдке шығып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген жергілікті және республикалық автокөлік жолдарын тексерді. Соның нәижесінде 125 заңбұзушылық анықталып, мердігерлерге кемшіліктерді жою туралы 22 хат жіберілді. Жол сапасын жақсы деңгейде ұстау мақсатында облыстың әр учаскелеріне осы тектес қадағалау жұмыстары жалғасын табады», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары.

Айта кетейік, биыл ШҚО-да 397 шақырым автокөлік жолы мен 83 шақырым көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар