ШҚО-да жол қызметтерінің 45 басшысы жауапқа тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол қызметтерінің 45 басшысы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері тәртіп сақшылары облыс көшелері мен жолдарындағы қауіпсіздікті бақылау үшін 400-ден астам тексеру жүргізді.

Соның нәтижелері бойынша жол қызметтерінің 45 басшысы әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде қала, ауылдық округ әкімдері, тұрғын-үй коммуналдық қызмет шаруашылығы бөлімдерінің басшылары мен мамандары, квазимемлекеттік сектор өкілдері, мердігерлік ұйымдардың заңды тұлғалары бар.

«Құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жолдардың қауіпті учаскелерінде жүргізушілерді ескертетін белгілердің орнатылуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта Полиция департаментінің ұсынысымен Өскемен және Семейде 6 бағдаршам орнату жоспарланған. Сондай-ақ осы қалаларда 30-ға жуық оң жақ бұрылыс жасау бойынша құрылыс жұмыстары жалғасады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар