+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

ШҚО-да жол ережесін бұзудың 4 мыңнан астам фактісі тіркелді

2021 жылғы 22 ақпан 20:13
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жол ережесін бұзудың 4 мыңнан астам фактісі тіркелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 3 күнге созылған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да апта соңына дейін көшкін жүру қаупі сақталады Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушы қызды қағып кетті ЕАЭО: Темекі акциздеріне салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісім ратификацияланды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шара барысында тәртіп сақшылары жол ережесін бұзудың 3776 фактісін тіркеді. Оның ішінде 40-ы қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты болып отыр.

Мас күйде көлік тізгіндеген 50 жүргізуші ұсталды. Қарсы жолаққа шыққан – 26, жымдамдықты асырған – 228 адам жауапқа тартылған. Сондай-ақ заңбұзушылық жасаған 770-ке жуық жаяу жүргінші анықталды.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын жүргізу кезінде 124 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Көлік жүргізу құқығынан айырылса да ішімдік ішіп алып рульге отырғандар да болды. Осындай 4 жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Мәселен, 17 ақпанда кешкі сағат 22:30-да Карбышев көшесінде полицейлер «Мitsubishi FTO» көлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде отырған 23 жастағы жігіттің сот қаулысымен жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды. Аузынан алкогольді ішімдіктің иісі байқалғандықтан ол наркологиялық диспансерге жеткізілген. Сол жерде ер адамның ащы судан ұрттағандығы белгілі болды.

Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT