ШҚО-да жол бойындағы тауда 5 жарылыс жасалып, 74 500 текше метр қар түсірілді

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол бойындағы тауда 5 жарылыс жасалып, 74 500 текше метр қар түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында бір аптаға жуық уақыт бойы қар толассыз жауды. Осыдан соң қар көшкіні жүру қаупі туындаған.

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары жүргізген мониторинг барысында әсіресе «Өскемен-Самар» тасжолында көшкін жүру қаупі жоғары екендігі белгілі болды. Соған орай аталған тасжолдың 95-102 шақырымында профилактикалық мақсатта көшкін түсіру туралы шешім қабылданды. Барлығы 5 рет жарылыс жасалып, 74 500 текше метр қар түсірілді», - делінген ақпаратта.

Облыста көшкін жүру қаупі әлі де бар. Сондықтан құтқарушылар өңір жұртшылығына таулы жерлерге бармау қажеттігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар