ШҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды, тағы төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюс сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 тамыз күні «Семей-Озерки» тасжолында болды. Қаладан шығаберістегі автожолдың екінші шақырымында BMW-X5 көлігі аударылып қалған. Полицияның мәліметінше, жүргізуші қауіпсіз жылдамдықты сақтамаған. Салдарынан көліктің аударылуына жол берген.

Жол апатынан машинада болған төрт адам, соның ішінде екі бала оқиға орнында мерт болды. Жүргізуші мен өзге үш жолаушы (оның екеуі – балалар) медициналық мекемелерге жеткізілді», - деп мәлім етті ШҚО Полиция департаментінен.

Факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (Абайсызда екі және одан көп адамның өліміне әкеліп соққан көлік құралын басқаратын тұлғаның жолда жүру ережесін бұзуы немесе көлік құралын пайдалануы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар