ШҚО-да жол апатынан 1 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Семей» тасжолында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Семей» тасжолының 20-шы шақырымында «Nissan Almera» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу үшін қарсы бағытқа шыққан. Маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбегендіктің салдарынан ол қарсы бағытта келе жатқан «Audi маркілі көлігімен соқтығысты. Жол апатына кінәлі ер адамның көлігі жыраға құлап, аударылып түскен.

«Nissan Almera көлігінің 46 жастағы жолаушысы оқиға орнында жантәсілім етті. Ал түрлі жарақат алған жүргізуші мен екінші жолаушы Өскемендегі ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар