ШҚО-да жол апаты 5 адамның, оның ішінде 1 жасар баланың өмірін қиып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында жол апатынан 5 адам, оның ішінде 1 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 қазанда сағат 01.00 шамасында «LADA» автокөлігі Қарауылдан Саржал ауылына қарай келе жатқан. Кенет 45 жастағы жүргізуші жолдың 152 шақырымында рульді басқара алмай қалып, көлік аударылып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, 39, 36, 35 және 1 жастағы төрт жолаушы сол жерде мерт болды. 35 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері Instagram парақшасында.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар