ШҚО-да жоғалып кеткен жеткіншек қараусыз қалған үйден табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында із-түзсіз жоғалған жеткіншек қараусыз қалған үйден табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 наурызда Жарма ауданы Шар қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, баласының жоғалып кеткенін жеткізді. Үйден сыртқа шыққан 13 жастағы жеткіншек сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Ата-анасы өз бетінше іздегенімен одан еш нәтиже шықпаған.

«Жарма аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу баланы іздеуге жұмылдырылды. Оларға еріктілер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қосылды. Бала баруы мүмкін деген жерлер, аулалар, үй шатырлары мен құдықтар тексерілді. Іздеу жұмыстары күндіз-түні жалғасты», - делінген ақпаратта.

Соның нәтижесінде, келесі күні таңертең жетінші сынып оқушысы қараусыз қалған үйден табылды. Белгілі болғандай, бала жақындарымен жанжалдасып қалғандықтан үйден кетіп, қаланың шетіне қарай бет алған. Ол жақта қараусыз қалған үйге барып түнеген.

Өз кезегінде ата-анасы баласын тауып берген полицейлерге ризашылыған білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО тұрғындары заңсыз сақталған 100 қаруды өткізгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар