+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

2021 жылғы 10 сәуір 10:41
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда мұғалім жоғалып кетті

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар ұлы Арсений Киселевтің жұма күні күндіз әдеттегідей аулаға ойнауға шыққанын, бірақ кейін оны таппай қалғанын жеткізді.

Полицейлер Арсенийдің аға-әпкелерімен және көрші балалармен бірге ойнап жүргенін анықтаған. Алайда кейін араға уақыт салып, ол жоғалып кеткен.

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Өскеменнен Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен кинологтар көмекке келді. Полиция қызметкерлері бала өзенге жақындап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам жасаған. Бұған су жағасындағы іздер дәлел болды. Біраз уақыттан соң баланың мәйіті ықтимал құлау орнынан 1 шақырым қашықтықтан табылды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT