ШҚО-да жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жоғалып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері интернет-ресурстарына мониторинг жүргізу барысында кәмелеттік жасқа толмаған қыздың жоғалып кеткендігі жайлы ақпаратты көрген. Үйден шығып кеткен жасөспірім сол күйі қайтып оралмапты. Ал ата-анасы полицияға хабарласпай, әлеуметтік желі арқылы іздеу салған.

«Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы аттанып, барлық полицейлер жоғалған қызды іздеуге кірісті. Жасөспірімнің баруы мүмкін жерлері, ауданға жақын орналасқан елді мекендер түгел тексерілді. Бір тәулік ішінде қыз аман-есен табылды. Белгілі болғандай, ол достарымен бірге жүрген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

16 жастағы қыздың денсаулығына ешқандай зиян келмеген. Қазір жасөспірім ата-анасына қайтарылды.


Соңғы жаңалықтар