ШҚО-да жоғалған 2 бүлдіршін қыз аман табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жоғалған 7 және 6 жастағы екі қыз бала аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, зейнеткер екі немересін ертіп аулаға шыққан. Кенет 7 және 6 жастағы қыздарды қарт кісі көзінен таса қалдырған. Өз бетімен қанша іздесе де таба алмаған ол полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары балаларды көрші аулалардың бірінен тапты. Олар әжелеріне ескертпестен ойын қызығына беріліп, басқа балалармен кетіп қалған. Қарт кісі өзін жайсыз сезіне бастағандықтан сол жерге жедел жәрдем шақыртылды. Қазіргі уақытта зейнеткердің жағдайы жақсы», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, полицейлер өңір жұртшылығына балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде былтыр жоғалған ер адамның денесі табылғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар