USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

ШҚО-да жезөкшелер притонын ұйымдастырғандар 5 жылға сотталуы мүмкін

2021 жылғы 6 желтоқсан 20:31
Бөлісіңіз:
ШҚО-да жезөкшелер притонын ұйымдастырғандар 5 жылға сотталуы мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жүргізген рейд барысында 14 жезөкше анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы трагедиясы: Лаңкестер полиция департаментін басып алу үшін 27 рет шабуыл жасаған Әлеуметтік желіде бұзақылардың сарбаздарды соққыға жыққан сәтінің видеосы жарияланды Алматыда бүлік кезінде зардап шеккен сарбаздардың жағдайы қалай

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Stop-трафик» жедел-алдын алу шарасын өткізді.

«Шара барысында Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған 5 притон ұстағандығы анықталды. Қазіргі уақытта осыған қатысты ҚР ҚК 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәсін мойындап отыр. Енді олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 46 факті және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 2 факті тіркелді. Профилактикалық есепке 17 адам қойылды. Оның ішінде «жеңгетай» санаты бойынша - 3 адам, «жезөкше» санатымен - 14 адам.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT