ШҚО-да жетім балалар мектеп-интернатынан 12 млн теңге жымқырған директор сотталды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі ШҚО бойынша департаментінің қызметкерлері 12 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша жетім балаларға арналған мектеп-интернат директоры А.Базархановаға қатысты қылмыстық істің тергеп бітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу барысында А.Базарханованың 2013-2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген қаражаттты ұрлағаны, яғни мектеп директорының сабақ өткізбестен, оқу сағаттарын жүргізгені үшін ақы алып отырғаны анықталды.

Салдарынан балалар білікті ем алу құқығынан айрылған.

Бұдан басқа, А.Базарханова интернат қызметкерлеріне қосымша жұмыс істегені үшін ақы аударып отырған, ал олар ақшаны шоттан алып, Базархановаға қайтарып беріп отырған.

Шын мәнінде қызметкерлер қосымша жұмыс атқармаған.

Сонымен қатар, А.Базарханова танысына қарызын қайтару мақсатында оның жұбайын жұмысқа алады.

Осылайша, қарызын қайтару мақсатында жалған жұмысқа орналасушыға 729 мың теңге еңбекақы төлеп, бюджет қаражатын талан таражға салған.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы өз кінәсін мойындап, шығынды толық қайтарғанын, жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, А.Базархановаға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


Соңғы жаңалықтар